Алматыда жаппай вакцинациядан кейін карантин шаралары жеңілдетіле ме

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі Эльмира Битанова онлайн брифинг барысында Алматыда жаппай вакцинациядан кейін карантин шаралары жеңілдетіле ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл екі жақты процесс. Карантиндік шараларды сақтау және вакцинациялау арқылы біз пандемияны жеңе аламыз. Екеуіне де үлкен жауапкершілікпен қарауымыз қажет. Біреуі екіншісіз нәтиже бермейді. Қазіргі кезде вакцинация карантиндік шараларды жеңілдетуге көмектесетін жалғыз әдіс. Басқа жолы жоқ. Бұл халықты вакцинамен қамтуға және иммунитет деңгейіне байланысты болады.Ұжымдық иммунитет қажетті деңгейге жеткенде, вирус жоғалады», - деді ол.

Сонымен қатар, ол Израильде маска режимі жойылды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Менің білуімше, олар көшеде маска тағып жүруден бас тартты. Алайда, үй-жайларда бетперде тағу міндетті болып қала береді. Ол елде халықтың 80%-ы вакцина алды. Сондықтан осындай шешім қабылдады»,- дейді Эльмира Битанова.


Соңғы жаңалықтар