Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып өлтірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жеңіл көлік жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қайғылы оқиға 29 қазан таңғы 8:00 шамасында болған.

«Митцубиши Делика» көлігінің 38 жастағы жүргізушісі Саин көшесімен оңтүстікке бара жатып, Төле би көшесінен солтүстікке қарай 45 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апатынан ер адам сол жерде көз жұмды. Қазір ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», - дедіполиция департаментінің басқарма басшысы Олжас Шәріпов.

Айта кету керек, ер адам тура қасында тұрған жерасты жолымен өтпей, рұқсат етілмеген жерден жүгіріп өтпек болған.


Соңғы жаңалықтар