Алматыда желдің соғу режимі зерттеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жел режимінің моделі жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желдің соғу режиміне зерттеулер жүргізу үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алматы қаласында желдің моделін, желдің өтуін, ластану деңгейін, ластану себептерін әзірлеуге сәйкес бюджеттік өтінім жасалды», - деді қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов.

Ол бюджеттік бағдарлама осы жылдың соңына дейін бекітілетінін атап өтті.

Оның айтуынша, алынған мәліметтер Алматы аумағын дамытуға пайдаланылады.

Еске салайық, өткен жылдың соңында билік жұртшылыққа қаланың 2030 жылға дейінгі бас жоспарын ұсынған болатын.


Соңғы жаңалықтар