Алматыда жер дүмпуі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, кешкі 19 сағат 30 минутта Алматы қаласында жер сілкінген. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты мен магнитудасы анықталып жатыр.

Кейіннен ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 19 қаңтар күні 19 сағат 27 минутта жер сілкінісін тіркеді. Сейсмологтар хабарлағандай, зілзала ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 370 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан.

Алматыда дүмпу 3-4 балл көлемінде сезілді.

«Зардап шеккендер және қираған ғимараттар туралы мәлімет түскен жоқ» деп мәлім етті төтенше жағдайлар комитеті.

Айта кетейік, бұл - соңғы күндерде Алматыда болған екінші жер сілкінісі.








Соңғы жаңалықтар