+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

2020 жылғы 22 ақпан 09:12
Бөлісіңіз:
Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жоғалған 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда жиһаз жасайтын цех ашып алған тұрғын үйден өрт шықты Алматыда жағдайы ауыр 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған Алматыда сәуір айы жаңбырлы болады

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылдың 20-шы ақпаны күні жоғалды деп жарияланған Күнту Шерхан қазір –ата-анасының жанында.

«Абырой болғанда бала дін аман, түнде ата-анасына тапсырылды. Полиция оны қаланың төменгі бөлігінен тапты. Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы атынан іздеу жұмыстарына атсалысқаны және бірлескен әрекеттері үшін волонтерларға алғыс айтады. Күнту Шерханды іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам қатысты. Олардың ішінде полиция қызметкерлерінен басқа мектеп ұстаздары мен волонтерлар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Оның неліктен үйінен кетіп қалу себебі әлі нақтыланып жатыр»,-деді Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ләйлә Әліпбаева.

Осыған дейін Алматыда 8 сынып оқушысының 20 ақпан күні үйінен шығып кетіп, қайтып оралмағандығы туралы хабарланған болатын.


Еламан Тұрысбеков
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT