+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Алматыда жоғалып кеткен 2 турист таудан табылды

2021 жылғы 4 мамыр 12:25
Бөлісіңіз:
Алматыда жоғалып кеткен 2 турист таудан табылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республикалық жедел құтқару жасағының қызметкерлері тауда адасып кеткен екі туристі құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

ҚР ТЖМ республикалық жедел-құтқару жасағының баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2 мамыр күні кешке, жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Үлкен Алматы шыңы ауданында жоғалып кеткен екі жас жігіт туралы хабарлама келіп түсті.

«Зардап шеккендерге көмекке РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы жолға шықты. Жедел топ автокөлікпен космостанцияға жетіп, әрі қарай теңіз деңгейінен 3600 метр биіктіктегі шыңға жаяу жүріп шықты. Іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде, зардап шеккендер шыңның қарама-қарсы батыс жағында, Проходная өзенінің шатқалыннан табылды. Алайда шыңның екінші жағында тұрған РЖҚЖ құтқарушыларының автокөліктеріне жету үшін, қайтадан шыңға көтерілу қажет болды. Ол шыңдардан өтуге зардап шегушілердің күші болмады, сол себепті құтқару бөлімшесінің командирі өзен шатқалы арқылы түсуге шешім қабылдады» «,– делінген хабарламада.

Қараңғы түсіп, ауа райы бұзылып, жаңбыр жауғандықтан РЖҚЖ құтқарушылары туристермен бірге тауда түнеді.

Құтқарушылар таң атысымен зардап шеккендерді төменге түсіріп, шекара қызметіне тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT