Алматыда жоғары білім берудің қосымша грант иелерінің тізімі жарияланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Тамыздың 5 мен 15 аралығында Алматыдағы жоғары оқу орындарында қосымша 190 білім грантын тағайындау туралы құжаттар қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Байқауға 129 абитуриент қатысып, олардың 102-і білім гранттарын иеленді.

Айта кетерлігі, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша гранттарды Білім және ғылым министрлігі бөлген болатын. Бұл гранттар көпбалалы отбасылар мен атаулы әлеуметтік көмек алатындар санатындағы мектеп түлектеріне ғана берілді.

Қосымша білім беру грант иегерлерінің тізімін мына жерден табуға болады.


Соңғы жаңалықтар