Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апатынан екі кішкентай бала жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты түнде болды. ПД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Б.Момышұлы көшесімен оңтүстікке бағыт алған Toyota Camry жүргізушісі Универсиада көшесімен қиылыста солға бұрылмақ болған. Сол кезде Mercedes-Benz көлігіне соғылған.

«Бұл жол-көлік оқиғасының мән-жайын Алатау аудандық ПБ қарап жатыр», - қалалық ПД анықтау бөлімінің басшысы Олжас Шәріпов.

Жол апатынан жарақат алған 1 және 3 жасар балалар ауруханаға жеткізілді.

Қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының хабарлауынша, балалардың жағдайы қалыпты.


Соңғы жаңалықтар