Алматыда Жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жоба іске асады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту жұмыстары бар. Елді мекендерді абаттандыру жобалары да назардан тыс қалмайды», – дейді Данияр Әлкебайұлы

Сонымен қатар, ол «Жұмыспен қамту жол картасы» аяқталған соң жаңадан салынған нысандарда 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

«Жол картасын іске асыру мақсатында Алматыда 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде тағайындалады. Жұмыс орындары әсіресе құрылыс саласы бойынша ұсынылады» – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.


Соңғы жаңалықтар