Алматыда жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шағын жүк көлігі аударылып, жүргізуші көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Петрозаводская көшесінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігі аударылып қалған.

Қалалық полиция департаментінің оқыс оқиғаға қатысты тексеруді бастады.

«Бұл деректі Түрксіб ауданы полиция басқармасы анықтап жатыр. Тиісті сот медициналық сараптама тағайындалды»,- деді полиция басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар