Алматыда жүк көлігі құрғақ субұрқақты қиратып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жүк көлігі Панфилов көшесіндегі құрғақ субұрқақты қиратып кетті. Полиция тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаланың жасыл экономика басқармасының хабарлауынша, 25 ақпан күні шамамен кешкі сағат 17:00 - де «Алматы Тазалық» МКК жүк көлігі қарды шығарып жатып, Панфилов көшесіндегі құрғақ субұрқақты қиратып кеткен.
«ЭкоАлматы» ЖШС полицияға шағым түсірді. Хаттама жасалды. Құқық қорғау органдары тергеу жүргізіп, келтірілген шығынды есептеп жатыр. Субұрқақты жөндеу жұмыстары «Алматы Тазалық» мекемесі есебінен жүзеге асырылады»,- деп хабарлады басқармадағылар.
Сондай-ақ, «ЭкоАлматы» мен Жасыл экономика басқармасы қызметкерлері «Алматы Тазалық» мекемесіне субұрқақтары орнатылған көшелермен жүруге рұқсат етілген арнайы техниканың өлшемдері туралы айтты.
- Жерорта теңізінде қайық аударылып, 130-ға жуық мигрант опат болды
- Ақтауда ер адам дүкенге қарақшылық шабуыл жасады
- Алматыда Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеуге арналған кеңес өтті
- Алматыда сүйіктісін өлтірген тұрғын 10 жылға сотталды
-
Көкшетауда өзіне қол салмақ болған 2 бойжеткен құтқарылды
-
Алматыда жаңа бағытта троллейбус жолға шығады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам