Алматыда жыл соңына дейін қоғамдық көліктер жаңартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық «АлматыЭлектроТранс» ЖШС жыл соңына дейін 100-ден астам автобус алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қоғамдық көліктерді жаңартып жатырмыз. Жыл соңына дейін 8-10 күн қалды, осы уақыт ішінде бізде 266 жаңа автобус болады, оның 206-сы — 12 метр, 60-ы — 18 метр. Біз «AstanaMotors» компаниясымен бірге 200 Zhong Tong маркалы және 60 Golden Dragon маркалы автобусты сатып алдық. Алғашқы аванстық төлемді компанияның қаражаты есебінен төледік, қалғанын «ҚДБ-Лизинг» бойынша несиеге аламыз. Бұл 60 автобус, 30 автобус паркте тұр, біз жыл соңына дейін тағы 30-ын тіркеуден өтеміз», - деді «АлматыЭлектроТранс» ЖШС бас директоры Ғани Тәжиев.

Сонымен қатар, ол 18 метрлік автобустардың бір бөлігі №38 маршрут бойынша жүретінін атап өтті. Сонымен бірге, бүгінгі күні қалаға 12 метрлік 129 автобус жеткізілді, жыл соңына дейін тағы 77 автобус келеді.

«Біз қоғамдық көліктерді жаңартуды осы жылы аяқтаймыз. Жалпы, бұл біздің жұмысымыздың оң нәтижиесі», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар