Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жылумен жабдықтау тарифі төмендетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылғы көрсетілген қызмет көлемінің өсуіне байланысты, комитеттің Алматы қаласы бойынша департаменті халық үшін жылумен жабдықтау тарифін 3%-ға төмендетті. Төмендетілген тариф 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Тарифтің төмендеу есебінен халықтың үнемдейтін қаржысы 552 млн теңге. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықтан бюджеттік ұйымдарға жүктемені қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті», делінген хабарламада.
Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14% - ға өсуі күтілген еді.
Алайда, Алматы қаласы бойынша департамент энергия көздерінде тарифті төмендету арқылы халық үшін тарифтің өсуіне жол бермеу бойынша жұмыс жүргізді, нәтижесінде 2021 жылы халық үшін тарифті 2020 жылғы деңгейде өсімсіз қалдыруға мүмкіндік туды.
- Алматыда «Қош келдің, ару көктем» атты мерекелік концерт өтті
- Алматыда әйелдер аллеясы ашылып, 200 көшет отырғызылды
- Алматыда балалар жазушысымен әдеби кеш өтті
- Алматыда Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған іс-шара өтті
-
Алматыда мәслихат депутаттары ағаш отырғызды
-
Жандарбек Бекшин карантинге байланысты жаңа қаулыға қол қойды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам