Алматыдағы 25 кітапхананың көпшілігі жаңа форматта жұмыс істейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Алматыда орталықтандырылған кітапханалар жүйесін ауқымды жаңғырту мақсатында жүргізілген жөндеуден кейін Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасы пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram-дағы парақшасында Әуезов көшесі, 175 мекенжайда орналасқан И. Крылов атындағы қалалық балалар кітапханасының ауқымды жөндеу жұмысынан кейін қайта ашылғанын, мұнда заманауи әрі жайлы оқу залдары мен түрлі үйірмелерге арналған орындар пайда болғанын жазды.

«Алтын шаңырақ» мәдениет пен тарихты зерделеу орталығымен қатар зияткерлік ойын мен домбыраны, компьютерлік сауаттылыққа оқытатын жаңа орталықтар ашылуда. Сондай-ақ, мұндағы әртүрлі жастағы балаларға арналған «Креативті шығармашылық», «Жас ғалым» клубтары мен «Оқимыз, үйренеміз, ойнаймыз» үйірмесі де қызыққа толы орта», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Бүгінгі күні кітапхана қорында 242 мың кітап бар, оның 45 мыңы қазақ тілінде. Қызмет көрсетудің жаңа моделі түрлі іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге, сондай-ақ келушілер санын жылына 250 мың адамға дейін арттыруға мүмкіндік бермек.

Кітапхана сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді.

Алматыдағы 25 кітапхананың 16-сы жаңа форматта жұмыс істейді. Биыл қалған кітапханаларды модернизациялау жоспарда.


Соңғы жаңалықтар