Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында 350 жарық шамы орнатылып, жаңа асфальт төселеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта жаңа 350 жарық бағана орнатылып, ретро орындықтар қалпына келтіріледі. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласының Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сапар Нұрашев биыл 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта 20 мың шаршы метр алаңда жаңа асфальт және 3 645 шаршы метр тротуар плитасы салынатынын атап өтті.

Сондай-ақ, саябақта жаңа 351 жарықтандыру тіректері орнатылады, қосымша 103 орындық пен 107 қоқыс жәшігі пайда болады, 23 ескі ретро-орындықтар қалпына келтіріледі, 103 мың шаршы метрден астам аумақ көгалдандырылады.

«Кіші Алматы өзені жағалауының келбеті өзгереді. Өзен бойында 160 жарықтандыру бағандары, Достық гүлзарында 95 жарықтандыру бағандары орнатылады, 22 800 шаршы метр асфальт төселеді. 2021 жылы 240 орындық пен қоқыс жәшігі орнатылып, 42 400 шаршы метр аумақ көгалдандырылып, 1000-нан астам жасыл желек отырғызылады»,- деді спикер.

Алдағы уақытта Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Қайырбеков көшесіне дейінгі аралығы өзгереді. Онда асфальт, тротуар плиткалары төселеді, орындықтар қойылады, жарық пайда болады, 63 үйеңкі ағашы отырғызылады.


Соңғы жаңалықтар