Алматыдағы 600 бейнекамераға жасанды интеллект орнатылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 4 мың бейнекамера бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бейнекамераларды пайдалану қылмыстың азаюына ықпал етті.

«Бүгінде полиция 4 мың бейнебақылау камералары көмегімен қаладағы заңдылық пен тәртіпті бақылайды, олардың 600-і жасанды интеллектпен қамтамасыз етілген және бұзушылықтарды адамның қатысуынсыз өздері тіркейді. Камера іздеуде жүрген адамды немесе жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлері бар автокөлікті анықтай алады. Олардың көмегімен жыл басынан бері бір мың 400 қылмыстың беті ашылды, 780 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды», – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, Алматы қаласын дамыту жөніндегі бағдарлама аясында тәртіп сақшылары қаланың барлық нысандарындағы бейнекамералардың деректеріне қол жеткізе алады.

«Сауда үйлері, ауруханалар, емханалар, мектептер, бір сөзбен айтқанда, азаматтар жаппай баратын орындарда камера орнатылды. Осылайша, біз қалада 100 мың бейнебақылау камералары арқылы тәртіпті сақтауға мүмкіндік аламыз. Біз дәл осы алдын-алу шаралары жалпы қылмыстың азаюына оң әсер еткеніне сенімдіміз. Біздің қала тұрғындар мен қонақтар үшін қауіпсіз болды. Сондықтан біз осы бағытта жұмыс жасай береміз», – деп қорытындылады Қанат Таймерденов.


Соңғы жаңалықтар