Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі әкімдік меншігіне қайтарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі әкімдік меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұражай-үйді қоғамдық қордан коммуналдық меншікке беру туралы шешім қабылданғанын айтты.

«Келер жылы көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толады. Мерейтойға дайындық барысында қоғам қайраткері тұрған мұражай-үйді қала меншігіне қайтардық. Оның мұрасы мәңгілік сақталады», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі аккаунтында.


ХХ ғасырдың басында салынған мұражай ғимараты республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген.
Ғимараттың жалпы ауданы – 160 шаршы метр.
Мұражай 1993 жылы құрылды және 1998 жылы ресми түрде ашылды.
Онда Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 500-ге жуық құнды материал сақталған.


Соңғы жаңалықтар