Алматыдағы ақылы автотұрақта 280 мүгедекке қате айыппұл салынған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автотұраққа төленбеген ақы үшін қателікпен мүгедектерге айыппұл салынып кеткен. Прокуратураның араласуымен аталмыш жайларға қатысты әкімшілік өндіріс тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының Жетісу аудандық прокуратурасы ҚР ӘҚБжК-нің 597-бабы бойынша (арнайы сертификатталған құрылғымен жабдықталған орында автотұрақ ақысынан жалтару) қозғалған әкімшілік өндірістің заңдылығын тексеріп көрді.

«Анықталғанындай, 2019 жылы аталмыш бап бойынша әкімшілік жауапқа І және ІІ топтағы 287 мүгедек тартылған. Алайда Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын ұйымдастыру ережелерінің 38-ші пунктіне сәйкес (Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 14 қарашасындағы № 4/975 қаулысымен бекітілген) І және ІІ топтағы мүгедектер аталмыш құжат негізінде ақылы коммуналдық автотұрақтарда тұрақ орындарын тегін пайдалана алады», - делінген құзырлы ведомствоның хабараламасында.

Прокурорлық бақылау актісін қарау қорытындысына сәйкес, Алматы қаласының әкімшілік полиция басқармасы мүгедектігі бар жүргізушілерге қатысты өндірісті тоқтатты.



Соңғы жаңалықтар