Алматыдағы бірнеше шипажай коронавирус науқастарын емдеуге берілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қосымша коронавирус госпитальдері ашылып жатыр. Жаңа орталықтардың дайындығы туралы қалалық Қоғамдық деснаулық басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Пандемия басталғаннан бері инфекциялық стационарлардың саны 13 есеге, 2-ден 26-ға дейін артты. Сәйкесінше, төсек-орын саны 500 6000-ға дейін артты. Осы аптада 250 төсек-орынға арналған «Қазақстан» шипажайы, 376 төсек-орынға арналған «Көктем» шипажайы, 140 төсек-орынға арналған «Самал» пансионаты, 100 төсек-орынға арналған Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне арналған Республикалық клиникалық госпиталь коронавирус науқастарын қабылдауға бейімделді. Бірақ, біз осымен тоқтап қалмаймыз, алдағы уақытта төсек-орындар қуаттылығы резервін қалыптастыру жоспарда тұр.

Одан бөлек, алдағы уақытта Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы базасында 500 төсек-орынға арналған толыққанды клиника ашылады.

«Аталған орталық бірінші эщелонның ковидтік клиникасы ретінде жұмыс істейтін болады, ал ковидтік кезеңнен кейінгі кезде толыққанды көпбейінді стационар ретінде жұмысын атқаратын болады. Қазір ол жерде құрылыс жұмыстары аяқталуда, сонымен қатар медициналық техникамен және қажетті кадрлармен жасақтау жөніндегі мәселесі пысықталуда. Осы нысанды қыркүйек айында ашу міндеті қойылған. Осылайша, қала 500 төсек-орынға арналған толыққанды және ковидтік кезеңнен кейін де халық игілігі үшін жұмыс істейтін көпбейінді клиникаға жүгіне алады.

«Айта кету керек, жаңа стационарларды ашуға жұмсалған инвестиция постковидтік кезеңде де пайдасынкелтіредідеп ойлаймыз. Жоспарда төсек орынды 7700 дейін арттыру көзделген», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар