+7 (701) 759 90 19
USD 385.01 EUR 425.78
RUB 6.05 CNY 54.68
Jańalyqtar

Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

2019 жылғы 8 қараша 18:10
Бөлісіңіз:
Алматыдағы Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында өнер мектебінің директоры пара алғаны үшін 3 жылға сотталды Ауыр жүк көлігі иелерінен пара алып келген инспекторлар сотқа тартылды Жемқорлықпен күресушілер адамдарды азаптады деген күдікке ілініп отыр

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Алматы қаласы Медеу аудандық сотының судьясы Әбілқайыр мен сол соттың хатшысы Рақышовқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

«Әбілқайыр жер телімінің шекарасын анықтауға байланысты азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдау үшін делдал Рақышов арқылы алдын ала келісілген 10 мың АҚШ долларынан 3 мың АҚШ долларын пара ретінде алды деген күдікке ілінді. Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі бірге анықтады» делінген хабарламада.

8 қараша да Алматы қаласы Медеу ауданының №2 сотының үкімімен Әбілқайырға 45 млн 459 600 теңге көлеміндегі айыппұл салынды.

Осы үкіммен Рақышовқа 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Аталған азаматтар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT