Алматыдағы музыка мектебінің оркестрі Башқұртстанда өткен халықаралық конкурстың Гран-приін иеленді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыка мектебінің халық аспаптары оркестрі Башқұртстанда өткен халықаралық конкурс Гран-приін иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

«Алматыдағы Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының халық оркестрі Башқұртстан Республикасы Мәдениет министрлігінің ұйымдастыруымен өткен «Халық аспаптар оркестрлері және ансамблдері« халықаралық онлайн конкурс-фестивалінде Гран-приді жеңіп алды. Оркестр жетекшісі: Бекболат Әбдіберікұлы», делінген хабарламада.

Башинформ агенттігінің мәліметінше, Халықаралық «Зов Урала» IV ұлттық аспаптар мен оркестрлер конкурс-фестивалі 29 және 31 наурыз аралығында Уфада өткен.

Музыкалық байқау коронавирус инфекциясына байланысты онлайн форматта өткізілді. Жарысқа Ресейдің және Қазақстан, Өзбекстан, Түркіияның шығармашылық топтары қатысты.

Конкурстың Гран-при жүлдесін екі ұжым иеленді, Ахмет Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының халық оркестрі мен Л. Беззубов атындағы Тюмень орыс халық аспаптары оркестрі.

Сондай-ақ, байқаудың екі аталымында тағы екі қазақстандық өнер ұжымы бірінші орын иеленді. Олар: Ақтөбелік «Аманат» фольклор ансамблі (жетекшісі Бақытжан Қуандықов) және «Мұрагер» қазақ ұлт аспаптар ансамблі (жетекшісі Айбек Сыздықов).

Соңғы жаңалықтар