Алматыдағы орталық саябақта жатақхана салынбайтын болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Горький атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студентеріне арналған жатақхана салынбайтын болды. Бұл туралы қалалық әкімдік мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жатақхана салынбайтын болды. Құрылыс тоқтатылды. Біз басқа жер учаскесін қарастырып жатырмыз», - деді қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Өз кезегінде, қалалық жасыл экономика басқармасы Медеу ауданы Горький саябағындағы студенттерге арналған жатақхана құрылысы бойынша 1 наурызға жоспарланған қоғамдық тыңдаудың өтпейтінін хабарлады.

Бұған дейін, орталық саябақта 327 студентті баспанамен қамтитын жатақхана бой көтеретіні туралы айтылған болатын.

Қазіргі уақытта Абай атындағы ҚазҰПУ-де 13 мыңнан астам адам оқиды, оның ішінде 10 780 сырттан қатынайды. Жалпы, 3 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж.


Соңғы жаңалықтар