USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Алматыдағы жеңіл рельсті көлік желісі қай жерлерден өтеді

2021 жылғы 25 қараша 15:12
Бөлісіңіз:
Алматыдағы жеңіл рельсті көлік желісі қай жерлерден өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов брифинг барысында мегаполистегі жеңіл рельсті көлік желісінің (LRT) құрылысы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ДСМ темекі жарнамасын бақылауға алмақшы «Дені сау ұлт»: 2025 жылға дейін елімізде 19 «ерте араласу» орталығы салынады «Елорда көршілері» тұрғын үйді басқару және дамыту бағдарламасы іске қосылды

Серік Құсайынов Талғардың жоғарғы тас жолы бойымен LRT желісін салу жоспарланып отырғанын айтты. Жоба жеке инвестор есебінен жүзеге асырылады.

«Қазір инвесторлармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Алдын ала ойластырған бағыт бойынша LRT Төле би көшесі бойына түседі. Өздеріңіз білесіздер кеңес кезінде бұл көшеде трамвай желісі болған еді. Енді батыстан шығысқа қарай жолаушылар ағынын бір ретке келтіріп, оны пайдалануға дайынбыз. Ол Момышұлы көшесімен ғана емес, Алатау ауданының орталығына дейін түсуі керек», - дейді ол.

Қазіргі уақытта инвестор техникалық-экономикалық негіздемемен айналысып жатыр.

Бұдан бұрын LRT желісінің құрылысын 2020 жылы бастау жоспарланғаны xабарланған болатын . Теxникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес, жобаның инвестициялық құны: инфрақұрылым - 56 907 млн теңге (депо құрылысын қоса есептегенде), жылжымалы құрам - 36 512 млн теңге. Барлығы - 94 203 млн теңге.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT