Алматыдағы ЖЭО газға ауыстыру жобасы 2025 жылы аяқталады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматы қаласының әкімі Бақытжан ЖЭО-2-ні газға ауыстыру туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көптен күткен Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды», — деп жазды Бақытжан Сағынтаев Сағынтаев Іnstagram-дағы парақшасында .

Бұл ретте жұмыс істеп тұрған қазандық агрегаттарын жаңғыртып, ЖЭО-2-ні көмірден газға ауыстыру арқылы оған жұмсалатын еңбек пен құн шығынын оңтайландыру бойынша қайта құру нұсқасы таңдалды.

Модернизациялау жұмыстары қоршаған ортаны күкірт оксиді және күлмен ластамауға мүмкіндік береді. Ауаға тарайтын азот оксиді мен көмірқышқыл газының мөлшері минимумға дейін азаяды.

«Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады», — деп атап өтті Алматы әкімі.

Айта кетейік, 20 қазан күні Үкімет Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасын мақұлдады.



Соңғы жаңалықтар