21:56, 16 Мамыр 2022 | GMT +6
Алматыдан 124 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер дүмпуі Алматы уақыты бойынша сағат 17.02 кезінде болған.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 124 шақырым қашықтықта, Алматы облысы аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.2.
Магнитудасы - 4.2.
Эпицентр координаттары - 43.32° с.ш. 78.43° в.д.
Тереңдігі - 15 шақырым.
«Тұрғындарға сезілгені жайлы мәлімет жоқ» делінген Сейсмикалық стансалар желісінің кезекші операторы таратқан хабарламада.