Алматыдан 356 км қашықтықта жер сілкінді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 16 қарашада Алматы уақытымен 20 сағат 22 мин 08 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 356 шақырым жерде, Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 8.7. MPV магнитудасы – 3.5. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.


Соңғы жаңалықтар