Алматыға Джек Ма жіберген гуманитарлық көмектің екінші партиясы келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға Джека Ма мен «Alibaba Group» қорларының гуманитарлық көмегінің екінші легі жеткізілді. Онда 50 016 дана тест және 30 жасанды тыныс алу аппараты бар.

Гуманитарлық жүкті медициналық мекемелер арасында тарату үшін бірыңғай дистрибьютор – «СҚ-ФАРМАЦИЯ» ЖШС қабылдап алды. ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Үкіметінің атынан «Джека Ма» және «Alibaba Group» қорларына COVID-19 індетімен күрестегі маңызды көмегі үшін алғыс білдіреді.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 сәуірінде белгілі қытайлық кәсіпкер елімізге 4,5 тоннадан астам медициналық қорғау құралдарын (медициналық маскалар, қорғаныс костюмдері, медициналық қолғаптар, байланыссыз термометрлер) жолдаған болатын.

Осыған дейін Қазақстанның Қытайдағы Елшілігінің қолдауымен Шицзячжуан қаласынан (Хэбэй провинциясы) «Джек Ма» және «Alibaba» қорларынан медициналық қорғаныс құралдары Алматы қаласына жеткізілгендігін хабарлаған болатынбыз.

Миллиардердің бұл көмегі үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғыс білдірген болатын.


Соңғы жаңалықтар