Алматыға Sinopharm вакцинасының 15 мың дозасы жеткізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 1,7 мыңнан астам адам коронавирус вакцинасын салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«10 мамыр күні 1 772 алматылық вакцина салдырды. Тұрғындар үш вакцинаның ішінен таңдау жасай алады. Атап айтар болсақ, «Спутник-V», ның QazVac және Hayat-Vax екпесі», - деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Биыл 1 ақпан мен 10 мамыр аралығында қалада барлығы 252 431 адамға екпе салынды. Олардың арасында 60 жастан асқан қарт кісілер саны - 30 357.

«Жалпы дозада қазақстандық QazVac вакцинасы 3 000 дана, яғни 15 күннің ішінде 2 967 адам вакцина алды. 3 мамыр күні қытайдың Sinopharm вакцинасының 15 мың дозасы жеткізілді, оның бірінші компоненті 1 048 адам егілді», деп атап өтті басқармадан.

Бүгінгі күні қалада 214 пункт жұмыс істеп тұр. 1 282 адамнан тұратын 315 егу бригадасы бар. Сонымен қатар, 40 көшпелі мобильді бригада ұйымдастырылды.

«Қазіргі медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.


Соңғы жаңалықтар