Алматылық 10 минутта қомақты ақша салынған сейфті ұрлап кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 37 жастағы ер адам ғаламтор-дүкеннің кеңсесінен 16 млн теңге салынған сейфті ұрлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің хабарлауынша, ұры қылмыстық жоспарын небәрі 10 минут ішінде жүзеге асырған. 1983 жылы туған М.есімді азамат таңғы сағат 05:00 шамасында кеңсенің кіреберісіндегі есікттің құлпысын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен.

«Осы қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, қызметкерлер күдіктіні анықтады. Қылмысты дер кезінде ашуға бейнебақылау камераларының көмегі тиді. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған қаражатты сақтау орнын анықтауға бағытталған шаралар кешені жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК-нің 188 бабы бойынша қаралатын қылмыстық іс материалдарына тіркеледі, – деді Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.


Соңғы жаңалықтар