Алматылық дәрігер қала тұрғындарын маска режимін сақтауға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №19 қалалық емхананың бас дәрігері Кәмшат Айтқазина онлайн брифинг барысында азаматтарды коронавирус инфекцияның таралуын болдырмау үшін маска киюге және әлеуметтік арақашықты сақтауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн брифинг барысында бас дәрігер коронавирустың негізгі белгілері дене қызуының көтерілуі, жөтел, ентігу және жалпы әлсіздік екенін еске салды.

«Жіті респираторлық вирустық инфекциясы бар адамдардан аулақ болған абзал.Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын орындарға мейілінше бармаған жөн. Көшеде, қоғамдық көлікте, сауда орындарында жалпы барлық жерде маска режимін сақтап, әлеуметтік арақашықты естен шығармау керек. Үнемі антисептикті қолданып, жеке бастың гигиенасын сақтау керек. Жедел респираторлы вирустық аурудың белгілері пайда болған кезде шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінуіміз керек», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар