Алматылық ер адам жас жігітті жақтырмай қарағаны үшін өлтірген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚРҚК-нің 99 бабының 2 бөлігінің 9 тармағымен сотқа берілген В-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сотта анықталғандай, 2019 жылдың қыркүйек айының соңында кешкісін В. әйелі, кішкентай қызы және досымен бірге қыдырып жүріп, бұрын көрмеген, танымайтын жастардың ішінен олардан көзін алмай тесіліп қарап тұрған адамды байқайды. Оның неге сонша қарайсың деген сұрағына, Ж. сол сұрақпен жауап берген»,- деп хабарлайды Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.

Олардың арасында жанжал туындайды. Сол мезетте В. сөмкесінен бәкісін суырып алып, Ж-ның кеуде тұсына төрт рет пышақ сұғады. Жәбірленуші ауыр дене жарақатын алып, емханада көз жұмған.

Сот үкімімен В. кінәлі деп танылды. Оған 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесіндегі қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар