Алматылық пациенттер ақ халаттыларға алғыс айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматыда пациенттер дәрігерлерге алғыс айтты. Олардың бірі № 4 қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем алған Абдул Арсунухаев, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен екі апта сырқаттанып, денсаулығым түзелмеген соң дәрігер көмегіне жүгіндім. 18 ақпанда жансақтау бөлімінен бірақ шықтым. 4 күн сол жерде ем алдым. Жағдайым тым мүшкіл болды. Дәрігерлердің арқасында құлан таза айықтым. Бөлімше меңгерушісі Тимур Тахирұлына шын жүрегіммен алғысымды білдіремін. Өйткені ол мен сияқты сырқаттардың талайының дертіне шипа берген жан. Күні бойы палаталарға кіріп, әрбір жанның денсаулығын сұрап, бақылап жүреді. Өмірімде осы уақытқа дейін бір де бір рет ауруханаға жатып көрмеппін. Барлық медицина қызметкерлеріне рахмет айтамын», — деді Абдул Арсунухаев.

Пациент сырқаттардың өмірі үшін дәрігерлердің қалай жанталасқанын өз көзімен көргенін айтты.

«Олардың ептіліктеріне сүйсіндім. Әрбір сырқатты күтіп-баптап, көздерінен таса етпейді. Жұқпалы ауру бөлімшесінің әрбір қызметкеріне алғысымды білдіремін. Олар — үлкен жүректі Адамдар!», — деді Абдул Айламурұлы.


Соңғы жаңалықтар