+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Алматылықтар әл-Фараби даңғылындағы құрылысты тоқтатуды талап етті

2021 жылғы 17 ақпан 20:33
Бөлісіңіз:
Алматылықтар  әл-Фараби даңғылындағы құрылысты тоқтатуды талап етті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар тағы да тұрғын үй құрылысына шағымданды. Бұл жолы «Самал-2» шағынауданының тұрғындары арызданды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда нысандар құрылысының сапасын «халық бақылаушылары» қадағалайтын болады Алматыда прокуратура даулы құрылыс учаскелерін тексеруде Жамбыл облыстық құрылыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы қаласының тұрғындары қала басшыларына әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады.

«Медеу ауданында орналасқан «Самал-2 « шағынауданының №2, №2А, №12, №91 үйлерінде тұратын 200-ден астам отбасы тұрғын үйлер мен Б.Момышұлы атындағы №131 мектеп-лицейінің жанында салынып жатқан құрылысты тоқтатуды сұраймыз», - деп жазады тұрғындар.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, аталған аумақта «Ескі үй» бағдарламасына жататын үйлер бар.

«Көрсетілген мекенжайда қандай нысан салынатындығы туралы ақпаратты басқарма мамандары құрылыс компаниясына берілген рұқсат құжатын көргенен кейін қана бере алады. Қазіргі уақытта мердігер компания басқармаға ешқандай өтініш берген жоқ. Аталған аумақта « Ескі үй» бағдарламасына жататын үйлер бар», - деп хабарлады басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT