+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Алматылықтар қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етті

2020 жылғы 17 қазан 14:00
Бөлісіңіз:
Алматылықтар қаза тапқан құтқарушылардың рухына тағзым етті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Құтқарушылар күніне 25 жыл толуына орай Алматыда екі өрт сөндіруші бөлімінде қайтыс болған өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шара барлық эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жүргізілді.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Серік Әубәкіров бастаған гарнизон қызметкерлері қаза болғандарды 1 минут үнсіздікпен еске алды.

«Бүгінгі күн - нағыз батырлардың мерекесі. Олар қиындыққа тап болған адамдардың соңғы үміті десек те болады»,- деді департамент басшысы.

Жыл басынан бері өрт сөндірушілер мен құтқарушылар төтенше жағдай аймағынан 150 адамды қауіпсіз жерге алып шыққан. 400 өрт сөндіріліп, 27 адамның өмірі құтқарылды.

Алматы тарихында қалған ең үлкен өрт 1989 жылдың 20 мамырында болған.

Алматы II темір жол стансасында сұйылтылған газдың екі цистернасына жиһаз тиелген темір жол вагондары келіп соғылған еді. Өрттің соңы жарылысқа ұласты.

Өртенген алып шардың ішінде 9 өрт сөндіруші өмірімен қош айтысты:

- Шәріпов Фрид,

- Аққұлов Құралхан,

- Сафаргалиев Ильшат,

- Никуленко Владимир,

- Абдранов Ислам,

- Қасымов Расул,

- Маликов Михаил,

- Әлімтаев Сейіл,

- Ысқақов Еркін.

Өрт сөндірушілердің ерлігінің арқасында тілсіз жау басқа газ цистерналарына жайылмады.

1990 жылы 3 қаңтарда Алматы гарнизоны ішкі қызмет сержанты Балабек Ахмедовтан, 2002 жылы Павел Голядкиннен айрылып қалды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT