Алматылықтар коронавирустан қалай емделіп жатыр- сауалнама

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы тұрғындары арасында коронавируспен емделуге қатысты сауалнама жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сауалнаманы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Асфендияров атындағы Медициналық университетінің қолдауымен жүргізді.

Сауалнама нәтижесі сұралған алматылықтардың шамамен 24%-ының өзін-өзі емдейтінін көрсетті.

Университет студенттері Назарбаев даңғылы, 91/97 мекенжайында орналасқан №2 дәріханаға; Әуезов көшесі, 175; Пушкин көшесі, 13; Панфилов көшесі, 20 мекенжайларда орналасқан қаладағы ірі дәріханаларға келушілер арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнамаға қатысқандардың жастары 20-55 және 56-дан жоғары. Олардың 81 пайызы - қала тұрғыны, 19 пайызы - сырттан келгендер.

Зерттеу тобының басшысы, Асфендияров атындағы Медицина университеттің Фармация мектебінің деканы Зурияд Сакипованың айтуынша, сауалнаманы жүргізген студент-волонтерлер жұртшылықпен жұмыс істеу барысында санитарлық қауіпсіздік нормаларын сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен.

«Дәріні сізге кім тағайындады?» деген сауалға 66 адам «дәрігер» деп жауап берген, бұлар сауалнамаға қатысқандардың 54 пайызы. Ал 29 адам немесе олардың 24 пайызы өзін-өзі емдейтінін айтқан. Тағы 10 пайызы, яғни 12 адам интернетке жүгінеді екен, қалған 15 адам немесе 12 пайызы жауап беруге қиналған немесе түрлі сылтаулар айтқан. Маңызды сауалдың бірі – дәріні рецепт арқылы алу. Респонденттердің 45 пайызы (55 адам) рецепттері бар екенін растады, 55 пайызы немесе 67 адам дәріні рецептсіз алған. Дәрілердің емі жөнінде түрлі пікірлер айтылды. ЖРВИ- ға қатысты дәрілерді сауалнамаға қатысқандардың 33 пайызы немесе 40 адам, өкпенің қабынуын (пневмонияны) емдейтін дәрілерді 23 пайызы (28 адам), CОVID-19-дан емделу үшін 12 пайызы (15 адам), басқа аурудан емделу үшін 32 пайызы немесе 39 адам алған.

Дәріханалар клиенттерінің 54,1 пайызы немесе 66 адам дәрі-дәрмектерді өздері үшін алғанын, ал 38,5 пайызы немесе 47 адам өзгелер үшін алғандарын айтты. Бір адам «дәрінің қорын» жасау үшін алатынын жасырмады.

Алматы қаласының Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті тек дәрігердің нұсқауларын орындауды, өзін-өзі емдеумен айналыспауды, Интернеттегі және ресми емес дерек көздеріндегі кеңестерге жүгінбеуді еске салады.

«Антибиотиктер мен вирусқа қарсы препараттарды бактериалдық немесе вирустық инфекция бойынша тек клиникалық және лабораториялық мәліметтер негізінде дәрігер ғана беруі тиіс», - деді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар