Алматылықтардың атынан несиеге қымбат телефон алып-сатып келген жас жігіт ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 19 жастағы тұрғыны халықты алдап, олардың атынан несиеге қымбат гаджеттерді рәсімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Анықталғандай, жігіт интернеттен кездейсоқ адамдардың мәліметтерін тауып алып, бірнеше ай бойы олардың атынан тауарлық несие рәсімдеп келген.

Несие мақұлданғаннан кейін ол қымбат телефондарды алып, үшінші тұлғаларға сатып жіберген.

«Полицияға бес азамат арызданды, күдікті олардың атынан «Iphone» маркалы ұялы телефондарды рәсімдеген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергелуде», – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Келген шығын көлемі шамамен бір жарым миллион теңге.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Соңғы жаңалықтар