Алматының 6 шағын ауданына су желілері тартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әкім Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездестім, сұрақтар шешімдерін табуда. Жылдар бойы жинақталған күрделі, проблемалы жүйені біз таяу жылдары «Жаңа Алматы» бағдарламасы бойынша шешетін боламыз»,- деп жазды Бақытжан Сағынтаев өзінің instagram-дағы парақшасына.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Жайлау, Құрамыс, Таужолы ықшамаудандарында су құбырлары мен кәріз желілері тартылуда. Екі су тоғаны мен алты ықшамауданда су желілері тартылады. Қала балансына 54 иесіз қосалқы трансформаторлар алынды, тағы 100 жұмыс жасауда. «Шұғыла» ТК тұрғындарының өтініші бойынша бірінші кезекте 14 үй абаттандырылды және газбен қамтамасыз етілді. Қараша айында аталмыш тұрғын үй кешенінің 16 үйіне газ берілді.

«Ең бастысы, тұрғындардың оларды ести алатынымызға және өтініштеріне дер кезінде назар аударатынымызға көздері жетті. Егер ағымдағы жылдың 14 тамызында 41 сұрақ қойылса, бүгін қойылғаны 123, 50-ден астамы жазбаша берілді. Көптеген сұрақтар жедел шешілуде, қалғандарына уақыт керек. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» — жұмыс үстінде: сіздер бізге Алматыдағы өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесудесіздер»,- деді әкім.

Соңғы жаңалықтар