Алматының кинотеатрлары сәуір айында «Ashyq» пилоттық жобасына қосылуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кинотеатрлар «Ashyq» жобасына сәуір айында қосылуы мүмкін. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ashyq» жобасының келесі кезеңінде жобаға кинотеатрларды қосу жоспарланып жатыр. Бас санитар дәрігердің қаулысы шыққаннан кейін сәуір айының ортасында қосылуы мүмкін. Себебі кинотеатрлар карантин талаптарын сақтайтын, қадағалайтын нысандардың қатарында», – деді Алматы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.
Алматыда жобаның келесі кезеңінде 15 бағыт бойынша жаңа нысандар қосылады деп жоспарланып отыр.
«Қоғамдық тамақтану орындары, балаларды дамыту орталықтары және бизнестің барлық спектрі жобаға қосылады деп ойлаймыз», – деп атап өтті спикер.
Айта кетейік, «Ashyq» қосымшасын 125 мың адам жүктеп алған.
- Шымбұлақ шыңынан алты турист құтқарылды
- Алматыдан 814 км қашықтықта жер сілкінісі болды
- МӘМС: Балаларға медициналық көмек көрсету бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ
- Израильде көшеде міндетті түрде маска тағып жүру ережесі күшін жойды
-
Коронавирус: Иорданияда вирус жұқтырғандар саны азая бастады
-
СҚО-да фермер әйел асыл тұқымды ешкі өсіріп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам