Алматының «Нұршашқан» шағынауданында ауызсу мәселесі шешілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Нұршашқан» шағынауданының тұрғындары қалалық су және кәріз желілеріне биылғы жылдың маусым айында қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түрксіб ауданының аумағында орналасқан бұрынғы Колхозшы ауылындағы су құбыры осыдан 40 жыл бұрын салынған. Осы уақыт ішінде құбырлар істен шығып, жергілікті халық ауызсусыз қалған.

Қаланың энергетикалық тиімділігі және инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысымен салынып жатқан жаңа су бұру желілері 6867 адамды үздіксіз таза сумен қамтамасыз етеді. Мұндай жұмыс бұл ауданда бірінші рет жүргізіліп отыр.

Құрылыс жұмыстары 25 маусымда аяқталады. Ал, көшелердегі жол төсеніштері мен тротуарларды мердігер компания құрылыс біткен соң қайта қалпына келтіреді.


Соңғы жаңалықтар