Алматының тау бөктерінде заңсыз үйлер салынып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматының тау бөктерінде жер үйлер салынып жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Онлайн брифинг барысында журналистер Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Серік Әділбаевтан тау баурайындағы үйлердің салынуы заңды ма деп сұрады.

«Иә, Бостандық ауданына қарасты тауда үйлер салынып жатқаны рас. Аумақ облыстан Алматыға өткеннен кейін 64 үй заңдастырылды. Қазір біз бұрын салынған, бірақ заңдастырылмаған жеке үйлердің санын білеміз. Олар «Көкшоқы» және «Алма-Арасан» шағынаудандарында орналасқан. Онда 9 заңдастырылмаған жеке тұрғын үй бар. Бұл үйлердің иелерінде ешқандай құжаттар жоқ. Қазір сол жерде арнайы комиссия құрылды, ол заңдастыру мәселесімен айналысуда «, - деп жауап берді ол.

Оның айтуынша, таулы аймақтардағы құрылыстарға күнделікті тексеру жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар