Алматының таулы аймақтарында экологиялық күзет ұйымдастырылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мобильді топтың құрамына экологиялық полиция қызметкерлері, Медеу ауданы әкімінің жанындағы қоршаған ортаны қорғау және экология бөлімінің мамандары, экология департаменті және қоғам өкілдері кіреді.

«Мобильді топ «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Бутаковка» шатқалына рейд жүргізді. Нәтижесінде қоқысты жағып жатқан Алматы қаласының тұрғыны анықталды. Ол өзінің заң бұзғандығын бірден мойындады. Нәтижесінде, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, біз азаматтарды табиғатты қорғауға және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтауға шақырамын», - деді Медеу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ұлан Әбілқайыр.

Соңғы жаңалықтар