Алматының «Зерделі» ықшамауданында 20 үйдің іргетасы нығайтылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Зерделі» ықшамауданында орналасқан 20 тұрғын үйдің іргетасы нығайтылды. Бұл туралы брифинг барысында Алматы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2014-2018 жылдары құрылған «Нұркент», «Зерделі», «Жас Қанат» шағынаудандарында қала билігінің шұғыл араласуын талап ететін бірқатар проблема болды.

«Зерделі» шағынауданында тұрғын үйлерді нығайту жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде 30 үйдің 20-да жұмыстар аяқталды, қалған үйлер келесі жылы нығайтылады. Сондай-ақ аула аумақтары абаттандырылады. Сонымен қатар Нұркенттегі үйлер тұрғындарының өтініші бойынша 18 тұрғын үйдің қасбеттерін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде, олардың 16-ы бүгінгі күні аяқталды, 2 үй аяқталу сатысында»,- дейді спикер.

Әлеуметтік объектілерді дамыту және салу шеңберінде аулаішілік кеңістікте жер учаскесі сатып алынады және 320 орынды балабақша салынады.

«Жас Қанат» шағынауданындағы 30 аулада балалар мен спорт алаңдарын жөндеу және орнату жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар