Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті

None
None
БІШКЕК-НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев Канттағы Ресей әуе базасынан Мәскеуге ұшып кетті. Өзінің айтуынша, ол «достарымен кездеспек», деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

«Атамбаев бүгін Мәскеуге ұшып кетті» деп мәлімдеген Қырғызстанның бұрынғы президентінің штабының өкілі.

Атамбаевтың айтуынша, ол Мәскеуде «достарымен кездесіп», 25 шілде күні кешкісін Бішкекке оралмақ.

27 маусым күні Қырғыз Республикасының парламенті Атамбаевты экс-президент мәртебесінен және қол сұқпау құқығынан мақұрым еткен болатын. Яғни, оны енді қылмыстық жауапқа тартуға болады.

Айта кетейік, Атамбаев бес түрлі қылмысқа қатысы бар деген күдікке іліккен. Оны елдің Ішкі істер министрлігі үш рет куәгер ретінде жауап алуға шақырған, бірақ бұрынғы президент оның бірде-біріне жауап бермеген.

Соңғы жаңалықтар