Алтай Көлгінов елорданың қай тұрғын үй алабына ең бірінші газ берілетінін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов газ құбырларын дәнекерлеу жұмыстарын қадағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін газ құбырларын дәнекерлеу жұмыстарын қадағалап шықтым. Келесі жылу беру маусымында ЖЭС-1, 2, 3, Көктал-1, 2, Агроқалашық, Өндіріс, Теміржол, оңтүстік-Шығыс тұрғын үй алаптарын газбен жылытуды жоспарлап отырмыз. Техникалық және авторлық қадағалау қызметтеріне дәнекерлеу жұмыстарының орындалу сапасына айрықша назар аудару қажет. Құбырлардың бүтіндігін және жарықға жол бермеу мақсатында мамандар денекерленген қоспаларды рентгенмен тексеруде», - деп жазды елорда әкімі Instagram-дағы парақшасында.

Оның атап өтуінше, қазіргі өзінде қалада түтін байқалып отыр. Ал ол экологияны бұзып, адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді.

«Газдандыру ауаға зиянды шығарындыларды 6 есе, қатты қалдықтарды 40 тоннаға азайтады. Елорданы газдандыруды 3 кезеңмен жүргіземіз», - деді Алтай Көлгінов.

Соңғы жаңалықтар