Алтай Көлгінов тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналықтардың жеке мәселесі бойынша қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы әкімнің өзі Instagram парақшасында жазды.

«Кезекті рет азаматтарды қабылдадым. Өзара байланысты нығайту үшін азаматтарды апта сайын қабылдаймыз. Бұл қала тұрғындарының сұраныстарына жедел жауап беруге мүмкіндік береді. Жеке қабылдауға 10 адам қатысты. Кездесу барысында 30-дан астам сұрақ қамтылды.

Негізгі сұрақтар тұрғын үй бағдарламаларына қатысу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, білім алу, медициналық көмек және т.б. қатысты», - деп жазды Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар