Алтайда өткен айтыстың бас жүлдесін Ардабек Ақбаба жеңіп алды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 1 шілде күні Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында өткен «Алтайдай жер қайда?» халықаралық айтыстың бас жүлдесін Ардабек Ақбаба жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Халықаралық айтыс додасына Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген атақты айтыскерлер қатысты. Айтыстың жалпы жүлде қоры 20 млн теңгені құрады. Нәтижесінде, бірінші орынды қызылордалық ақын Мұхтар Ниязов қанжығаласа, екінші орынды Еркебұлан Қайназаров пен Рүстем Қайыртайұлы бөлісті. Қазірет Бердіхан мен өзбекстандық ақын Талғат Орынбеков үшінші орын алды.


Айтысқа, сонымен қатар, Әсем Ереже, Шұғайып Сезімхан, Қалижан Ділдашев, Жарқын Жұпархан және басқа да танымал айтыскерлер қатысты.

Сөз өнерінде саңлақтардың қарымын Ұлықбек Есдәулетов, Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Алмас Ахметбек және Серік Құсанбаев сынды құрам бағалап, қазылық етті.

Айтыстың жүргізушісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман болды.


«Бүгінгідей ашық аспан астында, тау бөктерінде айтыс өткізу тамаша идея болды. Себебі, мұндай тұмса табиғат ақындарға зор шабыт сыйлайды. Қазір айтыстың деңгейі әлдеқайда жоғары. Өйткені айтыскерлердің көбісі ғылым бағытында жүр. Бұл әлбетте, айтыстың интеллектуалдық деңгейін өсіреді. Бүгінгі жастардың да айтысқа бетбұрысы ерекше. Айтыстың болашағы зор. Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан секілді шет елдердегі қандастарымыздың да айтысқа қызығушылығы артып келеді. Мұндай фестивальдер алдағы уақытта да әлі жалғасын табатынына сенемін», - деді Ж.Ерман.


Соңғы жаңалықтар