+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Алтайдағы дәстүрлі қазақ емханасы жоғары бағаға ие болды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

2020 жылғы 8 қараша 11:00
Бөлісіңіз:
Алтайдағы дәстүрлі қазақ емханасы жоғары бағаға ие болды - Шетелдегі қазақ тілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- «ҚазАқпарат» ХАА әдеттегідей шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
16 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 15 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 14 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Ширазда өте сирек кездесетін ми отасы жасалды - «Фарс» ақпарат агенттігі


Бұл ота Иран медицинасы үшін жаңадан жасалған қадамдардың бірі, деп хабарлайды parstoday.com.

Бұрын мұндай операцияны тек американдық және италиялық дәрігерлер ғана жасайтын. Енді ирандық медицина мамандары да бұндай күрделі отаны жасай алатын болған.

Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, Шираз медициналық университеті мамандарының ерік-жігерімен ең сирек кездесетін ми отасы Намази ауруханасында сәтті жасалды.

«Бұл ота кезінде дәрігерлер бір жарым жастағы баланың миындағы оң жартышарын алып тастады. Балада мидың оң жартышарының бұзылуына байланысты тұрақты ұстамалар болған. Бұрын мұндай операцияны тек американдық және италиялық дәрігерлер жасай алатын», деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

Батыс аймақтардың чемпионаты басталды - Kaznews


6 қараша күні Баян-Өлгей аймағында теннистен ересектер мен жасөспірімдер арасындағы батыс аймақтарының чемпионаты басталды, деп хабарлайды моңғолиялық Kaznews ақпараттық порталы.

Моңғолияның батыс өңірінде орналасқан бес аймақтан 200-ге жуық спортшы бәсекелеседі.

«Топтық және жекелей сынға түсіп бірінші, екінші орын иеленген спортшылар Ұланбатыр қаласында өтетін ел біріншілігіне қатысуға жолдама алады. Жарыс 7 қарашада аяқталады», деп жазады моңғолиялық БАҚ.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрі Ыстанбұлда кездесулер өткізді - TRT


Түркияда өткен денсаулық сақтау саласына арналған ғылыми кеңестің төртінші отырысы аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бірқатар маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы .

Аталған БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, А.Цой ДДСҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры Ханс Клюгемен кездесу барысында әріптестеріне әсіресе COVID-19-ға қарсы күрес бағытында Еуро ДДСҰ тарапынан Қазақстанға көрсетілген техникалық қолдау үшін алғыс білдірген.

Сондай-ақ, А.Цой Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен де кездесті.

Сонымен қатар, А.Цой Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахретин Қожа мырзамен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтық пен фармация саласындағы байланысты дамыту және денсаулық сақтауды цифрландыру мәселелерін талқылаған.

«А.Цой Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрімен және Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Әлішер Шадмановпен кездесті. Әріптестерін Қазақстандағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай жайлы хабардар етті және коронавирус инфекциясының ықтимал екінші толқынына дайындық аясында елімізде қабылдаған шаралар туралы айтты», деп түйіндейді TRT.

Алтайдағы дәстүрлі қазақ емханасы жоғары бағаға ие болды – «Ағажай-Алтай»


Қазақ медицинасы – қазіргі уақытта қазақ шипагерлігі немесе қазақ емшілігі деп аталып жүр. Халық шипагерлігі осы заманғы медицина қалыптасқанға дейін ғасырлар бойы ұлтымыздың өсіп-өнуіне өзіндік ықпалын тигізіп келді. Осылайша ғасырлар керуенінен сұрыпталып, кемелденіп жеткен дәстүрлі медицина қазіргі күні Қытайда тұратын қандастарымыздың ортасында өз өміршеңдігін сақтап, қоғамның қажетіне жарап келеді.

Осы аптада Қытайдың Алтай қаласындағы Алтай аймақтық дәстүрлі қазақ медициналық ауруханасына медициналық қызмет көрсету сапасына ішкі және сыртқы сараптамаларды жүргізілді. Шынжаң өлкелік денсаулық сақтау көмитеті қытайша және басқада ұлттық емшіліктің дәрежесін бағалаушы мамандар тобы Алтай аймақтық дәстүрлі қазақ медициналық ауруханасына «3А» дәреже бойынша тексерді, деп хабарлайды «Ағажай-Алтай» ақпараттық порталы.

Бұл жолғы бағалаушы мамандар мемлекеттік денсаулық сақтау министрлігінің қаулысы бойынша қазақ медициналық ауруханасын жүздеген өлшем және көрсеткіш бойынша сапа, басқару, қызмет көрсету және қауіпсіздік шаралары секілді әртүрлі тармақтар бойынша сараптама жасады.

Бағалаушы мамандар тобының мүшесі, Шынжаң өлкелік ұйғыр медициналық ауруханасының орынбасар бастығы Шин Чың Алтайдағы қазақ медициналық ауруханасына жоғары баға берген.

«Алтай аймақтық әкімшілік мекемесінің қамқорлығы мен көмегінде, аймақтық қазақ медициналық ауруханасы қазір өте жақсы дамығанына көзіміз жетті. Бұл медициналық аурухана қызметкерлерінің әлеуметтік құрылымы, жобалау, қызмет өтеу қабілеті сынды жақтардан жоғары сапа ретінде «3A« дәрежелі деген медициналық деңгейде лайық екеніне көзіміз жетті», - дейді бағалаушы Шин Чың.


«Аймақтық қазақ медициналық ауруханасының «3A» дәрежелі баға алуы аталған медициналық орталықтың үлкен жетістіктерінің бірі. Қазақ медициналық орталығы ең бастысы ойдағыдай қызмет көрсетуді, дұрыс диагноз қоюды, сондай-ақ емдеу сапасын жоғарылатуда көптеген нәтижелерге қол жеткізді. Бұл деңгейге қазақ медициналық емханасының барлық қызметкелері жұдырықтай жұмылып қызмет көрсетуі арқылы жеткені белгілі. Егер аталған орталық бұл жолғы «3A» дәрежелі бағалаудан сәтті өтсе, бүкіл аймақтың денсаулық істеріне сіңірген зор үлесі болмақ. Осылай жалғаса берсе, дәстүрлі медицинаның жалпы қоғамға бет алуына, дүние жүзіне танылуына мүмкіндік туар еді...», деп түйіндейді kazakh.altxw.com.

Берлинде «Абай үйі» ашылды - TRT


Бұл туралы ақпаратты осы аптада Түркия Радио Телевизия порталы да хабарлады.

Қазақстан республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің қолдауымен «Отандастар» қоры «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ХҚҰ-мен бірлесіп, Берлинде (Германия) «Абай үйі» қазақ мәдени-іскерлік үйінің салтанатты ашылуын өткізді, деп мәлімдейді TRT.

Аталған БАҚ-тың дерегінше, іс-шара аясында «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйінің тұсаукесері өтіп, онда Германиядағы қазақ қоғамдастығының мәдени, іскерлік және білім беру қызметін қолдауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

«Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Еркін Үйсімбаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің қазақ диаспорасымен жұмыс басқармасының басшысы Мұхтар Кәрібай, Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің мәдениет жөніндегі атташесі Қуаныш Әмірғазиев, «Отандастар» қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов, Германия-Қазақстан қоғамының директоры Галина Нұртазинова, Қазақстан Республикасының Баден-Вюртембергтегі құрметті консулы Доротея Халлер-Лейбле, Германиядағы қазақ қауымының өкілдері және т.б. қатысты», деп жазады Түркия Радио Телевизия порталы.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Абай үйі» мәдени-іскерлік үйлері Омбыда (Ресей), Ташкентте (Өзбекстан), Стамбулда (Түркия) ашылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бейсен Сұлтан

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT