Altyn Samǵaý-2019: Қазақстанның ең үздік спортшылары анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорт жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті ұйытқы болуымен осымен үшінші жыл өтіп жатқан «Altyn Samǵaý-2019» спорттық жүлде кешіне ел намысын республикалық және халықаралық бәсекелерде қорғап жүрген спортшылар қатысты.

«Бұл жетістік мені спортта тағы да жеңіске жетуіме дем береді. Алда талай жоспарлар мен алатын биік асулар бар. Үйде менің тілеуімді тілеп отырған ата-анам мен жақындарыма мың алғыс. Және мені қолдаған жанкүйерлер мен көрермендерге ризашылығымды білдіремін», - деді «Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы атанған, боксшы Бекзат Нұрдәулет.

«Altyn Samǵaý-2019» ұлттық спорттық жүлдесінің жеңімпаздары:

Үздік спорт командасы - Хоккейден Қазақстанның ерлер құрама командасы;

Үздік жас спортшы - Әбілмансұр Батырғалиев (Каратэ);

Ғылыми кешенді топтың үздік маманы - Ирек Сатов (Бокстан ұлттық құраманың дәрігері);

Үздік пара спортшы - Нұрлан Домбай (паратаэквандо);

Үздік пара спорт жаттықтырушы- Жандос Қиянов ( Парадзюдадан ұлттық құрама жаттықтырушысы);

Үздік спорт қауымдастығы - Шайбалы хоккей қауымдастығы;

Үздік спорттық өңір - Қызылорда облысы;

Қазақстан спортының майталманы- Әмин Тұяқов (Жеңіл атлетика);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Әсет Серікбаев (Еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік жаттықтырушы- Елена Круглыхина (Фристайл);

Жыл жаңалығы - Әлішер Ерғали ( еркін күрес);

Қысқы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Элизавет Тұрсынбаева ( Мәнерлеп сырғанау);

Жазғы спорт түрлері бойынша үздік спортшы- Бекзат Нұрдәулет ( Бокс).

Айтулы кеште отандық эстрада жұлдыздары «Ninety One» тобы, НаZима, «Молданазар» тобы, Кәмшат Жолдыбаева, Say Mo, Қуандық Рахым және тағы басқа әншілер өнер көрсетті.

Сондай-ақ, кеш көрермендері арасында 2020 жылғы Токиода өтетін жазғы Олимпиадаға екі билет ұтысы ойнатылды.

Соңғы жаңалықтар