Amanat халықтың аманатын орындайтын саяси құрылым болуы тиіс – Ербол Тілешов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов «Nur Otan» партиясының «Amanat» болып өзгеруі мен партия съезінде қабылданған шешімдер туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде партияның қазіргі кезеңдегі жаңаша саясаты мен бағыттарын атады. Партияның халықтың мүддесіне орай қызмет атқаруы Президент сөзінің негізгі өзегін құрап, осы идеяны мейлінше тарқатып жеткізіп, оның негізгі стратегиялық мазмұнын баяндады. Мысалы, ең алдымен партияны «Amanat» деп атауды ұсынды. Бұл - қазақы ұғымда үлкен өнегесі бар сөз. Яғни, партия халықтың аманатын орындаушы саяси құрылым ретінде осы ұғымның үдесінен шығуы тиіс», - деді Е. Тілешов.

Орталық басшысының айтуынша, фракция жұмысын белсенді ету, міндеттерді шынайы орындау және азаматтардың мүддесі мен елдің өркендетудегі рөлі мен маңызын арттыру да Президент баяндамасының негізгі арқауы болды.

«Мемлекет басшысы партия жұмысын халық игілігіне құруға айрықша мән берді. Ендігі уақытта партия мүшелері осы міндетті орындауға белсене кіріседі деп ойлаймыз», - дейді Ербол Тілешов.


Соңғы жаңалықтар