Америкалықтарға қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді

None
None
ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Жоғарғы соты Нью-Йоркте қоғамдық орындарда жасырын атыс қаруын алып жүруді шектейтін заңның күшін жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Сот органы заңнама актісі АҚШ Конституциясын екінші түзетуде енгізілген «қаруды сақтау және алып жүру» құқығын бұзғанын атап өтті.

Судьялардың шешімі адамдардың Нью-Йорк көшелерінде және Лос-Анджелес пен Бостон сияқты басқа да ірі қалаларда заңды түрде қару алып жүруіне мүмкіндік бермек.

Бұл – АҚШ Жоғарғы сотының он жылдан астам уақыт ішінде қару-жарақ туралы қабылдаған алғашқы ірі шешімі. Ол жақында болған жаппай атыстардан кейін қабылданып отыр.

Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс бұл шешімнен туындайтын қауіпті азайту үшін жұмыс істейтінін және шаһардың «Жабайы Батысқа» айналуына жол бермейтінін мәлімдеді.

АҚШ президентінің әкімшілігі судьяларды Нью-Йорк заңын сақтауға шақырды. Джо Байден «қатты көңілі қалғанын» айтты. Ол азаматтарды қару-жарақ қолданылатын зорлық-зомбылықтан қорғау үшін «есті» заңдар қабылдауға шақырды.


Соңғы жаңалықтар